Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Не мынау ал?!.": Тоқаев "тазик" өндірісімен танысып жүр

"Мынадай пластмасса ваннаны Қытайда екі үйдің бірі шығаратын шығар", - дейді әріптесіміз.

"Не мынау ал?!.": Тоқаев "тазик" өндірісімен танысып жүр
фото: ашық дереккөз

Бүгін журналист Оңғар Қабден Facebook-те президентімізге "қатты ренжіді". Оның пластмасса ванна шығаратын жерге барып, "өзіміздің өніммен" танысқанына намыстанып кеткенге ұқсайды, деп жазды paryz.kz.

"Айтсам, тағы ренжисіңдер. Елдің президенттері ұшақ шығаратын, ракета шығаратын зауытқа барып жүр. Не мынау ал?! Таныстырып тұрған тұрысты айтсайшы!.. Байрактардың қосалқы бөлшегін көрсеткендей. Мынадай пластмасса ваннаны Қытайда екі үйдің бірі шығаратын шығар", - дейді әріптесіміз.

Рас қой. Алып-қосарымыз жоқ.