Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Францияда мұғалімнің басын кесіп алуға қатысты 11 адам ұсталды

Тергеушілер қылмыскер мұғалімді "Шарли Эбдо" журналындағы Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген суретті балаларға көрсеткені үшін өлтірген деп отыр.

Францияда мұғалімнің басын кесіп алуға қатысты 11 адам ұсталды
фото: ria.ru

Қамауға алынғандардың арасында қылмыскердің ата-анасы мен атасы және бауыры бар, деп хабарлады paryz.kz.

Еске сала кетсек, өткен жұма күні Париж маңындағы Конфланс-Сен-Оноринде 47 жастағы тарих пәні мұғалімінің басы кесіліп, марқұмның суреті Twitter-де жарияланған еді. Тергеушілер қылмыскер мұғалімді "Шарли Эбдо" журналындағы Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген суретті балаларға көрсеткені үшін өлтірген деп отыр. Себебі, оқиға әлеуметтік желіде тез тараған. Салдарынан оқытушыға қоқан-лоққы жасайтындар көбейген.

Кейін айуандық істі Мәскеуде туып-өскен Абдулак Анзор есімді 18 жастағы жеткіншек жасағаны белгілі болды. Ол ұстау барысында қаза тапты.

Ал осы мән-жайға қатысты Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров  Telegram-арнасында пікір білдіріп, оқиғаға тұтас шешен халқының ешқандай қатысы жоқ екенін айтты және бұл Франция өзінің барлық проблемаларын шешендердің мойнына жүктеуге тырысып отырған бірінші жағдай емес деп шағымданды.