Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Грузияға оралған Саакашвили тұтқынға алынды (ВИДЕО)

Грузия президенті Саломе Зурабишвили Саакашвилиге кешірім берілмейтінін айтқан. 

Грузияға оралған Саакашвили тұтқынға алынды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Грузияның үшінші президенті Михаил Саакашвили аштық жариялап, Украина консулымен кездесуді талап етті. Бұл туралы қоғамдық қорғаушы Нино Ломджария Грузияда ұсталған экс-президентпен кездесуден кейін айтты. Ломджарияның айтуынша, Саакашвили өзін саяси тұтқын санайды және өзіне шығарылған үкіммен келіспейді деп хабарлайды Stan.kzГрузия Online сайтына сілтеме жасап.

Саакашвили ұсталған кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің әрекеттеріне наразылық танытпаған, өйткені ол есікті өзі ашып, қарсылық көрсетпеген.

Sputnik Грузияның мәліметінше, Саакашвилидің жоспарлары туралы оның анасы да білмеген.

Мен ұлымның ұсталғанын ұшақта отырғанда білдім. Мен тек теледидардан естіген жаңалықты ғана білемін", - деді Грузияның үшінші президентінің анасы Гиули Аласания.

Анасының сөзінше, ол оппозицияның жоспарлары жайлы және Саакашвилиді қорғау үшін Украинадан оның серіктері келетіні не келмейтіні туралы ештеңе білмейді.

Саакашвилидің анасы 75 жаста. Ол әйгілі грузин тарихшысы және түркітанушысы, Грузияның ортағасырлық мәдениеті бойынша маман, тарих ғылымдарының докторы, Грузия мен Кавказ тарихы, грузин мәдениеті тарихы, ұлттық өзін-өзі анықтау бойынша 100-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы.

Саакашвилидің адвокаты Пека Басилая оны кешіріммен босатуға болатынын айтты, - деп мәлімдейді "Мтавари архи" телеарнасы.

Президенттің Саакашвилиге кешірім бермейтіндігі туралы бүгін айтқан мәлімдемесі "грузин арманына" қайшы келеді, барлығы саяси жігерге байланысты, - деп келтіреді арна Басилаяның сөзін.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили Саакашвилиге кешірім берілмейтінін айтқан. 

Михаил Саакашвили 1 қазанда Грузияда ұсталды.

Оқи отырыңыз: Саакашвили Грузияға оралғанын айтты (ВИДЕО)

Михаил Саакашвилидің Facebook парақшасында ел халқына үндеу жарияланды. Онда ол өзінің қолға түсуі мүмкін екенін жазған.

6 қыркүйекте Михаил Саакашвили 2 қазанға белгіленген жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға дейін Грузияға оралуға ниетті екенін жеткізген. Саясаткердің елінде тіпті экс-президенттің отанына оралуы үшін қозғалыс құрды.

Михаил Саакашвили Грузия президенті қызметін екі рет қатарынан – 2004 -2013 жылдары атқарды. Елде ол ресми түрде қылмыскер болып саналады, әр түрлі қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін алты жылға бас бостандығынан айырылып, ішкі іздеуде жүрген тұлға. 

Бес жылға жуық уақыт бойы Саакашвили Украина азаматтығын алып, сонда тұрып келді және реформалар атқару комитетінің басшысы.