Михаил Саакашвили 2013 жылы Грузиядан кетіп, оған қарсы бірқатар қылмыстық іс қозғалған.
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили әлеуметтік желілерде елге оралғанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz.
Қайырлы таң, Грузия! 8 жылдан кейін Грузиядан, - деп жазды саясаткер Facebook-те.
Кейін Саакашвили парақшасында видеохабарлама жариялады. Ол өзінің Батумиде екенін айтты.
Қыркүйектің басында Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили муниципалдық сайлау қарсаңында елге оралатынын жариялап, отандастарын одан үлгі алуға шақырған болатын.
Михаил Саакашвили 2013 жылы Грузиядан кетіп, оған қарсы бірқатар қылмыстық іс қозғалған. Олардың кейбірінде Саакашвили сырттай бас бостандығынан айырылған болатын. Грузия билігі Саакашвили Грузияға оралса, оны ұстайтынын бірнеше рет мәлімдеді.