Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ер адам зейнетақы алып отыру үшін анасының денесін бір жыл бойы жасырған

Алдын ала мәлімет бойынша осы уақыт ішінде оның ұлы төлем түрінде заңсыз 50 000 еуроға жуық ақша алған.

Ер адам зейнетақы алып отыру үшін анасының денесін бір жыл бойы жасырған
фото: ашық дереккөз

Аустрия полициясы бір жылдан астам уақыт марқұм анасының денесін жертөледе жасырған ер адамның қылмысын әшкереледі деп хабарлайды sputnik.kz.

Қылмыс кездейсоқ ашылған. Жаңа пошташы қарт әйелге жәрдемақы беруге келген, алайда оны көре алмағандықтан, көңіліне күмән ұялапты.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында мұғалім ағасының мүрдесін қорада жеті ай тығып ұстапты

Аустриялық полицейлердің айтуынша, ақыл-есі кем 89 жастағы әйел былтыр маусым айында қайтыс болған. Сол кезде оның 66 жастағы ұлы анасының мәйітін жертөлеге жасырып, иіс шықпас үшін мұз салынған пакеттер мен дәкені пайдаланған деп хабарлайды BBC News.

Алдын ала мәлімет бойынша осы уақыт ішінде оның ұлы төлем түрінде заңсыз 50 000 еуроға жуық ақша алған.

Тағы оқи отырыңыз: Атырауда ағасының мәйітін 7 ай бойы үйінде сақтаған мұғалім жұмыстан шығарылды

Басылымның ақпаратынша, ер адам кінәсін мойындады. Ол марқұмды жерлеуге ақшасы болмағандықтан, осындай қадамға барғанын айтып ақталды. Ал өз бауырына анасы ауруханада емделіп жатқанын және ешкімді танымайтынын айтқан.