Облыстық Білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтің айтуынша, биология пәнінің мұғалімі мектеп директорының шақыртуына құлақ аспаған.
Атырауда туған ағасының мүрдесін жеті ай бойы үйінде сақтаған мұғалім жұмыстан шығарылды деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Облыстық Білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтің айтуынша, биология пәнінің мұғалімі мектеп директорының шақыртуына құлақ аспаған.
Тағы оқи отырыңыз: Атырау облысында мұғалім ағасының мүрдесін жеті ай тығып ұстапты
Мектеп әкімшілігі оны педагогикалық және әдеп кеңесіне бірнеше мәрте шақырған. Шақыру қағазы бірнеше рет жіберілді. Алайда ол келуден бас тартқан. Соған байланысты "Еңбек" кодекстерінің талаптарына сәйкес жұмыстан босатылды. Алайда оның бұл шешіммен келіспеуге құқы бар, - дейді ол.