Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік қаржыландырудан бас тартты

"Команда көшбасшыларын алмастырғандар халықаралық деңгейде ойнауға дайын емес еді..." 

Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік қаржыландырудан бас тартты
фото: sports.kz

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин Франциямен өткен матч жайлы пікір білдірді. Ресми мәлімдемеде федерация тарапы футбол жанкүйерлерден кешірім сұрайтыны және мемлекеттік қаржыландырудан бас тартатыны туралы айтылған деп хабарлайды Paryz.kz

Алдымен жанкүйерлерден сәтсіз ойын үшін кешірім сұраймыз. Әр жеңіліс бізге де оңайға тимейді. Негізгі құрамдағы футболшылардың көбі ойнамағандықтан Франция құрамасына қарсы лайықты ойын көрсете алмадық. Бізде ұлттық құраманың қоры жоқ екенін айта кету керек. Команда көшбасшыларын алмастырғандар халықаралық деңгейде ойнауға дайын емес еді. 

Қоғамдық сынға келер болсақ, өткен және осы жылы Қазақстан футбол федерациясына мемлекеттік бюджеттен 200 миллион теңгеден бөлінді. Бұл қаржы командаларды халықаралық жарыстарға дайындауға жұмсалды. Қандай миллиард туралы айтылуы мүмкін? – дейді Айтқожин.

Оқи отырыңыз: Франция құрамасы қазақстандық футболшыларды ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Ақшаны доп қуатындарға емес, бала туатындарға бөліңдер" - заңгер

Оның сөзінше, келесі жылдан бастап федерация мемлекеттік қаржыландырудан бас тартпақ. 

Келер жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың қаржыландыруынан бас тарту жайлы шешім қабылдады. Ұйым УЕФА-дан және серіктестер тарапынан түсетін ақшаға қаржыландырылады. 

Жақын арада қоғамды алаңдатып отырған негізгі сұрақтарға жауап беру үшін ұлттық құраманың бас жаттықтырушысымен бірге спорт журналистерімен кездесу өткізетінімізді қосып өткім келеді, - деді ол.