Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Ақшаны доп қуатындарға емес, бала туатындарға бөліңдер" - заңгер

Зайгер қаражатты басқа салаларға бөлгенде әлдеқайда жоғары көрсеткішке жетуге болатынын айтты. 

"Ақшаны доп қуатындарға емес, бала туатындарға бөліңдер" - заңгер
фото: ашық дереккөз

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек күні кеше футболдан Қазақстан құрамасының франциялық қарсыластарынан ойсырай жеңілгеніне қатысты пікір білдірді деп жазады Paryz.kz.

Ақшаны допты қуатындарға емес, баланы туатындарға бөліңдер! Білім қуған елдер озып, доп қуам деп тозып жатқан Қазақстан! Үш жыл ішінде 105 620 000 000 жәй ғана допты қуатындарға бөлініпті. Футболдан әлемді бағындара алмайтынымызды біздің шенеуніктер қашан түсінер екен? - деп жазды ол.

Оқи отырыңыз: Франция құрамасы қазақстандық футболшыларды ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Зайгер қаражатты басқа салаларға бөлгенде әлдеқайда жоғары көрсеткішке жетуге болатынын айтты.

Одан да осы ақшаны басқа салаларға бөлсе, көрсеткіш көрсетуге болар еді. Бұл қаржы білім мен ғылымға бөлінсе, жастарымыз шет ел аспас еді… Ішің удай ашиды, жазып қолыңды ауыртқың келмейді бұл мисыздарға, - дейді заңгер.