Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Он бірде үйде бол": "Ninety One" тобының экс-әншісі A.Z көпшілік алдында сүйіктісіне сезімін білдірді (ВИДЕО)

Ерке Есмахан өз кезегінде танымай қалғаны үшін кешірім сұрап, одан осындай тосын сый күтпегенін айтты.

"Он бірде үйде бол": "Ninety One" тобының экс-әншісі A.Z көпшілік алдында сүйіктісіне сезімін білдірді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

"Ninety One" тобының экс-әншісі Азамат Зенкаев "Маска" шоуына қатысып, көпшіліктің алдында сүйіктісіне сезімін білдірді, деп жазады Paryz.kz.

A.Z. сүйіктісі үшін осы шоуға қатысуға келісім берген екен. Бірақ Ерке Есмахан жігітін танымай қалды. 

"Егер сен қасыңда жүрген мені танымай қалсаң, қалған қатысушыларды қалай таниын деп тұрсың? Мен осы жобаға келіп қатысқан себебім, қабырғама бір-екі ауыз сөз айтып кетейін деп едім. Бұл ән сұлу қызға арналған жігіттің сыры. Мені танымай қалғаныңа реніш жоқ. Бірақ, сағат 10:30 болып қалыпты, он бірде үйде бол", - деді Зенкаев. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Ninety One тобының Еркемен "жүретін" экс-мүшесі туралы шындық

"Сақинаң құтты болсын!": Ерке Есмахан тағы тұрмыс құрған ба?

Той-томалақсыз қалған Ерке Есмахан 4 миллион теңге үшін бала табуға ниетті

"Толып кетіп едің": биыл ораза ұстамаған Ерке Есмаханның соңғы жазбасы жұртты елең еткізді

Ерке Есмахан өз кезегінде танымай қалғаны үшін кешірім сұрап, одан осындай тосын сый күтпегенін айтты. Ашық түрде сезімін білдірген Aзаматтың батылдығына Жахан Отарғалиев таңғалысын жеткізді. Өйткені ғашықтар бұрын-соңды махаббаттарын ел алдында жарияламаған болатын. 

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмаханның махаббаты көпшілікті қызықтырғаны соншалық "Маска" шоуына рекордты қаралым жинап берді.