Той-томалақсыз қалған Ерке Есмахан 4 миллион теңге үшін бала табуға ниетті

"Азаматқа астарлап жеткізіп жатыр. Бауырым "тормоз" болма!", "Ақша үшін емес, өзіңіз үшін тусаңызшы"...

Той-томалақсыз қалған Ерке Есмахан 4 миллион теңге үшін бала табуға ниетті
фото: youtube.com

Әнші Ерке Есмахан жанкүйерлерімен балалы болуға қатысты өз ойымен бөлісті. Эстрада жұлдызы Мәжілісте ұсынылғандай әр балаға 4 миллион теңге берілсе, сәби тууға қарсы емес екенін айтты, деп хабарлады paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Жақында Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов елімізде аналық капитал енгізіп, дүниеге келген әр бала үшін 4,2 миллион теңге төлеуді ұсынған болатын. Ерке Есмахан бұл ұсынысқа қатысты не ойлайтынын Instagram парақшасында айтып берді.

"Бала туғандарға 4 млн теңге беретін болды ма? Жаңалықтардан оқып едім. Беретін болса, бала туып әрі 4 миллионды болып қалайын деп едім ғой. Концерт, той жоқ бәрібір", - дейді ол.

Өнер иесінің желідегі оқырмандары оның балалы болуға ниетті екеніне қатты қуанып, оған деген ыстық ықыласын білдіріп жатыр.

"Бірден егіз тусаңызшы, 8 миллион аласыз", "A.Z әке болатын болды ма?", "Азаматқа тікелей арналған жазба", "Азамат екеуіңнен керемет ата-ана шығады", "Азаматқа астарлап жеткізіп жатыр. Бауырым "тормоз" болма!", "Ақша үшін емес, өзіңіз үшін тусаңызшы", "Бұл жайында Азамат не дейді екен?" деп жазуда көпшілік.