Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ.
Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме жасаған Paryz.kz.
Zakon.kz сайтының редакциясына көліктердің суретін жіберген тұрғындар бірнеше күн бойы өз меншік тұрақтарына көлік қоя алмай жүргендерін айтып шағымданған. Өйткені олардың көлік қоятын орындарында басқа біреудің көліктері тұрады екен.
Тұрғындар VIP нөмірлі көліктер Қайрат Нұртас пен оның анасы Гүлзира Айдарбекованікі екенін бірден таныған.
Тағы оқи отырыңыз:
Қайрат Нұртас қонақ боп келген тойға мониторинг тобы кіріп келді (ВИДЕО)
Қайрат Нұртас желіде құны 60 млн тұратын жаңа көлігімен мақтанды (ВИДЕО)
"Бала керек": Қайрат Нұртас әйелімен не себепті ажыраспағанын айтты (ВИДЕО)
Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ.
Әнші жақында ғана карантин шектеулерін сақтамағаны үшін айыппұл төлеген болатын.