Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Балаңыз жылады ғой»: Қайрат Нұртастың анасы оқырмандарынан сын естіді

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жұлдызды ұлының туған күніне орай желіде оған әсерлі жазба арнады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Балаңыз жылады ғой»: Қайрат Нұртастың анасы оқырмандарынан сын естіді
Сурет: Turkystan.kz

Ол Қайрат Нұртасқа аналық ақ тілегін жолдап, екі дүниеде де разы екенін жеткізді. Гүлзира Айдарбекова жүрекжарды тілегін Instagram парақшасында жариялаған. Продюсердің сөзінше, Қайрат халықтың махаббатына бөленген бала болғандықтан, оның туған күні жылда ерекше тойланады.

"Тұла бойым тұңғышым туған күнің құтты болсын құлыным! Өмірің ұзақ та мәнді болып, Алла саған бақ берсін! Өзіңнің жүрегің мейірімге толы, халықтың махаббатына бөленген ерекше ұл болғандығыңнан болар, жылда туған күнің өз ерекшелігімен өтуін Алла жазған болар. Әкең екеуіміз екі дүниеде разымыз жаным", - деп жазды ол. 

Оқырмандар ұлын тым еркелететін Гүлзира ханымды сынға алды. 

"Туған күні құтты болсын.Бірақ бәрінің инстаграмын бақылап отырам.Жұлдыз балаларымен бөлек сияқты.Сол жері өкінішті.Қайратты Жұлдыз қылған Жұлдыз еді ғой", "Неге балаңызды өз еркіне жібермейсіз?", "Гульзира ханым баланыз жылады гой. неге семьясынын каснда карсы алмады", Сюрприз боп баллары келіп калса. Туған күн құтты болсын. Жүз жаса",ГУЛЗИРА ХАНЫМ БАЛАНЫЗДЫ ОЗ ЕРКИНЕ ЖИБЕРИНИЗСЕЙШ", - деп жазды жанашыр жандар. 

Тағы оқыңыздар: «Ессіз емеспін»: Қайрат Нұртас еріксіз жылап жіберді