Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Ессіз емеспін»: Қайрат Нұртас еріксіз жылап жіберді

Танымал әнші Қайрат Нұртас өзінің туған күнінде балаларын қасына алып, мәре-сәре күй кеше алмағанына қапалы деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ессіз емеспін»: Қайрат Нұртас еріксіз жылап жіберді
Сурет: Turkystan.kz

Өнер иесі көлікте көңілсіз кетіп бара жатқан сәтін әлеуметтік желіге жүктеп, іштегі мұңымен бөлісті. Кадрдан балаларының видеосын тамашалап отырған Қайраттың жанарына еріксіз жас ұялағанын байқауға болады.

«Біреулер ойлағандай, мен ойсыз емеспін. Ессіз де емеспін. Туған күнімде балаларымның жанымда болуларына барымды салсам да, бұйырмады… Алла қайырын берсін. Ақ жол» деп жазды әнші.

Қайрат Нұртастың туған күнінде балаларымен не себепті кездесе алмағаны жайлы беймәлім. Бірақ бейресми деректерде оның әйелімен ажырасып кеткені айтылып жүр.