Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Оралда жұмысын уақытылы аяқтамаған компания қар үстіне тас төсеп жатыр (ВИДЕО)

Жоба сомасы - шамамен 85 миллион теңге.

Оралда қарға тас төсеп жатқандардың видеосы тарады. Жұмысқа тапсырыс берушілер осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мердігер ұйымның жұмысшылары Ярославская көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жергілікті тұрғындар құрылысшылардың қарға тас төсеп жатқанын видеоға түсіріп алған. Жұмысқа тапсырыс берген Орал қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі (ТКШ, ЖК және АЖ) екені белгілі болды. Мұнда мердігер "Қазқұрылысгарант" ЖШС екені хабарланды. Жоба сомасы - шамамен 85 миллион теңге.

"Бұл жұмыстар бюджет қаражатынан төленбейді. Мердігер ұйым жобаны мерзімінде аяқтай алмады. Біз мердігерді Мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз бердік", - деді Орал қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы Гүлсана Бердіғали.

Тағы оқи отырыңыз: Павлодарда жұмысшылар жапырақтың үстіне асфальт төсеген (ВИДЕО)

Қызылорда әкімдігі қардың үстіне асфальт төсеген мердігермен соттасуда

Мердігер ұйымның басшысы жұмысты оның қызметкерлері жүргізгенін мойындады.

"Тұрғындар ауданы 15 шаршы метр учаскеде тас төсеу жұмыстарын видеоға түсіріп алған. Бұл көшеде екі жаңа ғимарат салынып жатыр. Ауыр техника төселген тастарды қиратты. Бізде осы құрылыс материалының екі пакеті қалды. Мен оларды осы жерге салуды шештім", - деді "Қазқұрылысгарант " ЖШС-нің директоры Сафа Азизов.