Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі" - Берік Уәли

Президенттің баспасөз хатшысы Бішкектегі жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанатын позициясын айтты.

"Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі" - Берік Уәли
Фото: newsroom.kz

Президенттің баспасөз хатшысы Қырғыз Республикасында болып жатқан жағдайға байланысты пікір білдірді.

"Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар, көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды" деп жазды ол facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, 5 қазанда наразылық білдірушілер орталық алаңда Парламент сайлауының нәтижесін әділ емес және заңсыз деп санайтынын білдіріп, полициямен қақтығысқан болатын. Нәтижесінде, олар Ақ үйді басып алып, бұрынғы президент Атамбаевты босатты.