Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Спортзалда омыртқасы зақымданған Сауат Мыңбаев ҚТЖ-дан кетуге мәжбүр болды

Үкімет басшысы Асқар Мамин Мыңбаевтың орнына лайықты кандидат іздеп, басы қатып жатқан көрінеді.

Спортзалда омыртқасы зақымданған Сауат Мыңбаев ҚТЖ-дан кетуге мәжбүр болды
фото: ашық дереккөз

Сауат Мыңбаевтың кеткені рас боп шықты, деп хабарлады paryz.kz, Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Өз оқырманына сілтеме жасаған сайттың мәліметінше, Сауат Мыңбаев омыртқасынан алған ауыр жарақаттың салдарынан қызметтен кетуге арыз жазуға мәжбүр болған.

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы биыл 23 қаңтарда ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев спортпен айналысып жатқан кезде омыртқасынан жарақат алып, қазір ем алып жатқанын, денсаулығына еш қауіп жоқ екенін хабарлаған болатын. Бірқатар ақпарат құралдары оны шұғыл түрде Германияның атақты "Шарите" ауруханасына жеткізгенін жазған еді.

Содан 2 айдан астам уақыт өтсе де, Сауат Мыңбаев алған жарақатынан әлі айыға қоймапты. Соның салдарынан қызметтен кетуге мәжбүр болған.

"Өйткені оның омыртқадан алған жарақаты тым ауыр. Әлі қозғала алмайды. Жағдайы мүшкіл. Сол себепті, қызметтен кетуге арыз жазуға мәжбүр болды", - дейді оқырман.

Айта кетсек, Сауат Мұхамбетбайұлы Мыңбаев 1962 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әр жылдары түрлі лауазымды қызметтер атқарды. Қаржы вице-министрі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі, вице-премьер, Индустрия және сауда министрі, Энергетика және минералды ресурстар министрі, Мұнай және газ министрі, "ҚазМұнайГаз" ҰК басқарма төрағасы болды. Соңғы атқарған қызметі – "Қазақстан темір жолы" ҰК-нің басшысы.

Тағы оқи отырыңыз: ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алып қалды

Әлгі оқырманның айтуынша, Үкімет басшысы Асқар Мамин Мыңбаевтың орнына лайықты кандидат іздеп, басы қатып жатқан көрінеді.