Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алып қалды

"Қазіргі уақытта ол емделіп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алып қалды
фото: ашық дереккөз

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылданып жүріп жарақат алды, деп хабарлады paryz.kz.

22 қаңтарда әлеуметтік желілерде "Мыңбаевтың омыртқасы ауыр жараланды" деген ақпарат пайда болды. Алайда кейінірек ұлттық компания өкілдері бұл қауесетті жоққа шығарып, Сауат Мыңбаевтың денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлады.

"Сауат Мыңбаевтың денсаулығы туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа қатысты мынаны хабарлаймыз. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта ол емделіп жатыр. Оның денсаулығына еш қауіп жоқ", - деді баспасөз қызметіндегілер.