Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ақмола облысында да қос азаматтығы бар шенеунік қызметтен шеттетілді

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған Жолдауынан кейін, яғни 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметкерлер арасында қос азаматтықты анықтау шаралары белсенді түрде атқарылып жатыр...

Ақмола облысында да қос азаматтығы бар шенеунік қызметтен шеттетілді
фото: ашық дереккөз

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қос азаматтығы бар шенеуніктер туралы айтылды. Бұл ретте Қазақстанда қос азаматтығы бар екені анықталған тағы бір мемлекеттік қызметкер жұмыс орнын босатқан, деп хабарлады paryz.kz.

"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған Жолдауынан кейін, яғни 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметкерлер арасында қос азаматтықты анықтау шаралары белсенді түрде атқарылып жатыр. Осы уақытқа дейін қос азаматтыққа қатысты екі факт анықталды. Біреуі – Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, екіншісі – Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы – мемлекеттік инспектор", - деді мемлекеттік қызмет істері агенттігі бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров.

Тағы оқи отырыңыз: "Қос азаматтығы барларға жазаны күшейту қажет" - Тоқаев

Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылып тынды

Оның айтуынша, бүгінде қос азаматтығы болған екі шенеунік те мемлекеттік қызметтен босатылды. Себебі Қазақстан Конституциясы бойынша қос азаматтыққа тыйым салынған.