Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Орынбасары ұсталған Ақтоты Райымқұлова қызметінен кете ме?..

Сәкен Мұсайбеков бүгін Нұр-Сұлтан-Дубай бағытындағы рейсте ұсталған.

Орынбасары ұсталған Ақтоты Райымқұлова қызметінен кете ме?..

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековті жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Ербол Еділов telegram каналында хабарланды, деп жазды paryz.kz.

Еділовтың айтуынша, вице-министр Нұр-Сұлтан-Дубай бағытындағы рейсте ұсталған. Ал КазТАГ оның қазір Алматыдағы тергеу әрекеттеріне қатысып жатқанын жазды.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың наурыз айында «мемлекеттік қызметкер жемқорлықпен ұсталса, басшысы өз еркімен қызметтен кетуі тиіс» деген Заң күшіне енді. Жаңа ережеге сай қарамағындағы қызметкері пара алған басшы сот үкімінен соң 10 күннің ішінде қызметін босатуы керек.

Тағы оқи отырыңыз: Мәдениет және спорт вице-министрі ұсталды деген ақпарат тарады

Ендеше, Мұсайбековтің қылмысы дәлелденсе, қазіргі министр Ақтоты Райымқұлова өз еркімен қызметінен кете ме?