Ал баспасөз қызметі әзірге оның еңбек демалысына шыққанынан басқа ештеңе айта алмады...
Бүгін БАҚ өкілдері Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат таратты. Алайда ведомствоның баспасөз қызметі оның еңбек демалысына шыққанын айтты, деп хабарлады paryz.kz.
"Ол кісі бүгіннен бастап еңбек демалысына шықты. 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында еңбек демалысында болады. Бізде басқа ешқандай ақпарат жоқ", - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Сәкен Мұсайбеков Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы болған, 2020 жылдың мамырында вице-министр қызметіне тағайындалды.