Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Атағы жоқ Айдос Сарым Мәжілістен аз айлық алады екен

Мемлекеттік қызметте 30 жыл жұмыс істеу, генерал болу, атаққа ие болу және тағы басқа жайттар ескеріледі.

Атағы жоқ Айдос Сарым Мәжілістен аз айлық алады екен
фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлады paryz.kz, nege.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен әлі білмеймін, алған жоқпын. Шынымды айтсам, тұрмыстық мәселелерге жоқпын. Бүгін тұрмыстық мәселелер бойынша отырыс болады. Жалақы қызықтырады, әрине. Бірақ әлі уақыт болған жоқ. Менің әкем ауырып қалды. Алматыда ұзақ уақыт болдым. Сондықтан тұрмыстық мәселелермен айналысуға уақыт болмады, үлгермедім. Шамамен қанша болатыны айтылды. Менің ойымша, 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін. Бұл еңбек өтіліне, ғылыми дәрежесіне байланысты", - дейді депутат.

Тағы оқи отырыңыз: "Аяймын сені": Мұхтар Тайжан Сарымның сатқындықтарын бетіне басты

"Мәди - шын мәнінде дұрыс адам": Айдос Сарым "ең жас депутатты" ақтап отыр

Оның айтуынша, 500-ден 800 мыңға дейін айлық алу үшін профессор болу керек. Мемлекеттік қызметте 30 жыл жұмыс істеу, генерал болу, атаққа ие болу және тағы басқа жайттар ескеріледі. Ал Айдос Сарымның айлығы аз, өйткені оның ешқандай атағы жоқ.