Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Аяймын сені": Мұхтар Тайжан Сарымның сатқындықтарын бетіне басты

"...Енді міне, Нұр Отанға қосылдың. Назарбаевқа қол шапалақтап тұрсың. Ұстазың, марқұм Алтеке иманды болсын, бұл әрекетің үшін саған не дер еді?.." - деді ол.

Aidos Sarym бұрын мен сені ақылың, білімің үшін сыйладым. Бірақ бірінші рет Жаңаөзен мен Шетпе оқиғасына қатысты сенің...

Опубликовано Мұхтаром Тайжаном Среда, 13 января 2021 г.
"Аяймын сені": Мұхтар Тайжан Сарымның сатқындықтарын бетіне басты
фото: rotfront.su

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан кезінде "оппозиционер" атанып жүріп, қазір Nur Otan партиясы атынан Мәжіліс депутаты болып шыға келген Айдос Сарымның біраз кемшіліктерін әшкереледі, деп жазды paryz.kz.

"Айдос Сарым, бұрын мен сені ақылың, білімің үшін сыйладым. Бірақ бірінші рет Жаңаөзен мен Шетпе оқиғасына қатысты сенің сатқындық ұстанымыңа қатысты ерегесіп қалдық. Жарайды, қателесті деп, кешірдім. Екінші рет 2016 жылы Жер мәселесі жайында Расул екеуің ләм демей, үндемей қалдыңдар. Тіпті "бізде жер сатылмасын" деп бірде-бір пост жазған жоқсыңдар. Кейін Жер комиссиясының шешіміне біздің ортақ, алдын ала келіскен шешімімізге жалғыз болып қарсы дауыс бердің. Ол біздің тобымызға нағыз опасыз әрекет болды. Кейін "Жаңа Қазақстан", Қосанов науқаны - бұл деген халықтың сенімімен нағыз ойнау болды. Енді міне, Нұр Отанға қосылдың. Назарбаевқа қол шапалақтап тұрсың. Ұстазың, марқұм Алтеке иманды болсын, бұл әрекетің үшін саған не дер еді? Кезінде сен Байменовтің қолын ұстамаймын деп жүрдің, ал енді өзің не істедің? Сатылып кеттің", - деп салды Мұхтар Тайжан.

Оның бұлай деуіне Айдос Сарымның "Мұхтар, айта бер, айта бер. Бұл да жарнама. Рахмет саған. Сен сияқтымен соттасатын жайым жоқ, қит ете қалса. Аман бол!" дегені себеп болған.

Тағы оқи отырыңыз: "Мәди - шын мәнінде дұрыс адам": Айдос Сарым "ең жас депутатты" ақтап отыр

"Бұл пост саған жарнама емес, бұл - менің ғана емес, халықтың саған берген бағасы. Аяймын сені. Еркек өз болмысын сатпау керек, ал сен соған бардың. Бір ғана нәрсеге жаным ашиды. Сен сияқты жалған саясаткерлер халықтың сенімімен ойнап, халықтың алтын тарихи уақытын ұрлайды. Халықтың саясатқа көңілі қалып, саясаттан жұрдай жүреді. Сендердің әрекеттеріңнің ең зиян нәтижесі сол болады. Ал сендер жылы орын тауып, мәз болып отырасыңдар. Жарайды, ставки сделаны, сен ана жаққа баяғыда кеттің, мен халық жағында қалдым. Таңдау жасадық. Сен де аман бол!" - деді қоғам белсендісі сөз соңында.