"Түркістан облысы Шорнақ елді мекенінде болған жағдай", - деп нақтылады қоғам белсендісі.
Қоғам белсендісі, Мәжіліс депутаттығына ADAL партиясы атынан үміткер болған Дәулет Мұқаев өзінің instagram-дағы парақшасына 16 жыл бұрын қайтыс болған кісінің Nur Otan партиясына дауыс бергендер тізімінде жүргені туралы хатты жариялады, деп хабарлады paryz.kz.
Тағы оқи отырыңыз: "Nur Otan-ның жеңетіні басынан белгілі болды" - "Адалдық" үміткер Дәулет Мұқаев
"Дүниеден өткеніне 16 жыл болған көкеміз бүгін "Нұр Отан"-ға дауыс берген списокта да тұр, масқара. Түркістан облысы Шорнақ елді мекенінде болған жағдай", - делінген хатта.