Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

“Мұны қалай түсінуге болады?!”: сенатор Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Оның ойынша, мектеп оқушылары екі тоқсан бойы жарытып білім алмады. Әсіресе, ауылдық мектептердегі оқушылардың білімін толық қалпына келтіру қиынға соғады.

“Мұны қалай түсінуге болады?!”: сенатор Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді
Фото: ашық дереккөз

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы қашықтан оқыған оқушылардың білім сапасы туралы айтты, деп хабарлады paryz.kz, nege.kz-ке сілтеме жасап.

Мұрат Бақтиярұлы барлық ауыл мен аудандағы мектеп оқушыларын дәстүрлі форматқа көшіру қажеттігін мәлімдеді.

Сенаттың жалпы отырысында депутат әлемдік пандемияның білім саласына да, сапасына да кері әсерін тигізіп жатқанын жеткізді. Алайда Ресей, Қытай, Германия, Ұлыбритания және тағы басқа мемлекеттерде көп жағдайда дәстүрлі білім беру форматын сақтап келеді.

"Мысалы, Байқоңыр қаласында Ресей құзыретіне қарайтын 7 мектептің барлық сынып оқушылары толыққанды дәстүрлі түрде оқып жатса, қазақстандық мектептердің оқушылары қашықтан оқып жатыр. Мұны қалай түсінуге болады?", – деді сенатор.

Тағы оқи отырыңыз: Байқоңыр балаларын қазақша оқыту үшін Ресейден рұқсат сұрауы шарт 

Оның ойынша, мектеп оқушылары екі тоқсан бойы жарытып білім алмады. Әсіресе, ауылдық мектептердегі оқушылардың білімін толық қалпына келтіру қиынға соғады. Бұның бәрі білім сапасын бірнеше жылға кейінге шегеріп тастайды.

"Сондықтан да еліміздегі барлық ауылдар мен аудандардағы мектептерде оқушыларды дәстүрлі оқытуға шығаруымыз керек", – деді Мұрат Бақтиярұлы.

Айта кетейік, ведомствоаралық комиссияның соңғы шешіміне сәйкес, III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту форматына көшеді.