Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қазақ шенеуніктері енді шетелдегі жеке шоттарын пайдалана алмайды

Бұл тыйымның барлық мемлекеттік қызметшілерге қатысты емес, тек «жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдарға және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (мәслихат депутаттарынан басқа)» ғана қатысты екендігі атап өтілген.

Қазақ шенеуніктері енді шетелдегі жеке шоттарын пайдалана алмайды
фото: ашық дереккөз

Бүгін Сенат заңнамаға мемлекеттік қызметшілерге шетелдік банктерде есепшоттар ұстауға тыйым салатын түзетулер қабылдады, деп хабарлады paryz.kz.

"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттар (депозиттер) ашуға және иеленуге, сондай-ақ, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Бұл "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың қылмыстық іс жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңды жоғары палатаның Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті таныстырды.

Сонымен қатар, бұл тыйымның барлық мемлекеттік қызметшілерге қатысты емес, тек «жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдарға және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (мәслихат депутаттарынан басқа)» ғана қатысты екендігі атап өтілген.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында шенеуніктерге, депутаттарға және шетелде есепшоттары бар судьяларға қатысты шаралар қабылдау туралы айтқан болатын.

Тағы оқи отырыңыз: Павлодар мен ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің қос азаматтығы бар

Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметкерлер немесе квазимемлекеттік сектор өкілдерінің екі азаматтығы бар екендігі анықталған жағдайда, олар қызметінен босатылатынын баса ескерткен-ді.