Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Павлодар мен ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің қос азаматтығы бар

"Шынын айту керек, бізде әзірге Ресей Федерациясынан дұрыс жауап жоқ. Әйтпесе, ТМД-ның басқа мүшелерінің бәрімен тығыз қарым-қатынасымыз бар", - дейді Алексей Калайчиди.

Павлодар мен ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің қос азаматтығы бар
Фото: ашық дереккөз

Парламент Сенатының жалпы отырысында Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған  мемлекеттік қызметшілер арасында қос азаматтықты анықтау бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі талқыланды, деп хабарлады paryz.kz, baq.kz-ке сілтеме жасап. 

"Осы жылдың 11 айында қос азаматтыққа байланысты 431 фактіні анықтадық. Оның екеуі - Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарындағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты болып отыр", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.

Ол бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар ТМД елдерінің Минск пен Кишинев құқық қорғау органдары арасындағы конвенциялар шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын айтты.

"Шынын айту керек, бізде әзірге Ресей Федерациясынан дұрыс жауап жоқ. Әйтпесе, ТМД-ның басқа мүшелерінің бәрімен тығыз қарым-қатынасымыз бар. Біз бұл ақпаратты тексереміз. Павлодар облысындағы қос азаматтығы бар азамат ішкі істер органының қызметкері болып шықты.  Бірақ жұмыс көпшілік алдында да, жедел-іздестіру қызметі барысында да жүзеге асырылады. Біздің әріптестерімізбен өзара түсіністік бар. Негізінен бүкіл әлемде жұмыс дәл осылай, ресми өтініштер бойынша және жедел жұмыс негізінде атқарылады. Ол жұмыс әрі қарай жалғасады. Ең қиыны, Ресей Федерациясымен келіссөз жүргізуіміз болып отыр", - деп мойындады вице-министр.