Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Министрлік ПТР-тест тапсырудан қашқан қызметкерге қатысты ішкі тергеу басталғанын айтты

Министрлік ПТР-тест тапсырудан қашқан қызметкерге қатысты ішкі тергеу басталғанын айтты
Фото: zakon.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер Нұр-Сұлтанға шетелден келген соң ПТР-тест тапсырудан қашқан қызметкерге қатысты ішкі тергеу басталғанын айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Мамандарымыз оның кім екенін анықтауда. Министрліктің қызметкері ме, жоқ па, соны нақтылау керек. Себебі ол адам кез келген ұйымды жұмыс істейтін орны ретінде айтуы немесе біздің бұрынғы қызметкер болуы мүмкін", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.

Баспасөз хатшысының айтуынша, егер ПТР-тест тапсырудан қашқан адамның министрлік қызметкері екені расталса, онда оның әрекетіне әдеп жөніндегі уәкіл баға береді.

Еске салайық, бұған дейін Шарм-әл-Шейхтен оралған елордалықтар әуежайда арнайы автобусқа отырғызатын кезде ПТР-тест тапсырмай қашып кеткені хабарланған болатын.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтандағы ПТР-тест тапсыру пунктінен қашқандардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері болып шыққанын айтты.