23 қазанға қараған түнде Қазақстанға 11 халықаралық рейспен 1291 жолаушы келді.
Шарм-әл-Шейхтен оралған елордалықтар әуежайда арнайы автобусқа отырғызатын кезде ПТР-тест тапсырмай қашып кетті, деп хабарлады paryz.kz.
"Бүгін Шарм-әл-Шейхтен келген екі елордалықтың ПТР-тесті болмаған. Олар ПТР-анализ тапсыру үшін арнайы автобусқа отырғызатын кезде әуежайдан қашып кетті", - деді көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.
Көлік полициясының қызметкерлері олардың қайда екенін анықтап, карантин стационарына жеткізген.
23 қазанға қараған түнде Қазақстанға 11 халықаралық рейспен 1291 жолаушы келді. Оның 962-сінде анықтама болған, 329 адам анықтамасыз келген.