Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ақтөбеде де жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам көз жұмды

"Лада-Приора" автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі Ембі қаласынан Қандыағаш қаласына бара жатып, алдыңғы көліктен озу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған...

Ақтөбеде де жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам көз жұмды
фото: caravan.kz

Ақтөбеде 2 жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Оқиға Қандыағаш-Ембі-Шалқар тасжолында болған. "Лада-Приора" автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі Ембі қаласынан Қандыағаш қаласына бара жатып, алдыңғы көліктен озу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Сөйтіп, Ізімбет ауылы маңында қарсы бағытта келе жатқан "Лада-Приора" автокөлігімен соқтығысқан.

Тағы оқи отырыңыз: Қапшағай-Бақанас тас жолында жол апатынан 4 адам қаза тапты

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 32 жастағы әйел, 14 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Ал 3 жасар қыз Ембі қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Олар - бір отбасының адамдары. Сонымен қатар, басқа көліктің жүргізушісі мен 6 жолаушысы Ембі қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Онда 51 жастағы жолаушы есін жимастан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Ерболат Сарқұлов.