Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 04.12.2025 15:46 Обновлять, 05.12.2025 20:01

Қапшағай-Бақанас тас жолында жол апатынан 4 адам қаза тапты

"Toyota Land Crusier" көлігінің 58 жастағы жүргізушісі шығысқа қарай жүріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен...

Қапшағай-Бақанас тас жолында жол апатынан 4 адам қаза тапты
фото: ашық дереккөз

Қапшағай-Бақанас тас жолында көлік апатынан 4 адам көз жұмды. Оқиға бүгін сағат 14:15-те болған, деп хабарлады paryz.kz.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі аталған қайғылы жағдайды растады. "Toyota Land Crusier" көлігінің 58 жастағы жүргізушісі шығысқа қарай жүріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан "Toyota Mark 2" көлігіне соғылған.

Оқиға орнында "Toyota Mark 2" көлігінің 3 жолаушысы және "Toyota Land Crusier" көлігінің жүргізушісі мерт болды. Бірінші көліктің жүргізушісі мен "Toyota Land Crusier" жолаушысы Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді.