Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қарағандыда 12 жасар қыздар үлкен жігіттермен жыныстық қатынасқа түскен

"Жалпы, 16 жасқа толмағандармен жыныстық қарым-қатынасқа түсу – осы санаттағы қылмыстардың 40 пайызы", - деп атап көрсетті Төлегенова.

Қарағандыда 12 жасар қыздар үлкен жігіттермен жыныстық қатынасқа түскен
фото: sputniknews.kz

Қарағанды облысында екі жасөспірім қызды зорлауға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Дилбар Төлегенова мәлім етті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері республика бойынша кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасаудың 821 қылмысы тіркелген. Бүгінде 4 пайыздық өсім байқалып отыр. Алайда оның өзіндік себебі бар. Бір қылмыстық істің аясында зорлаудың бірнеше оқиғасы болуы мүмкін. Ондайда әрбір эпизод бөлек-бөлек қарастырылып, статистикаға енгізіледі.

"Мәселен, Қарағанды облысында жыныстық сипаттағы қылмыстарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын. 2007 жылы қыз бен оның құрбысын ағасы және анасымен бірге тұрған ер адам зорлаған. 2019 жылдың ішінде кәмелеттік жасқа толмаған қыздарға қатысты 57 рет заңсыз әрекет жасалды. Соның әрбір эпизоды бөлек-бөлек тіркелді", - деді Төлегенова Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, екі қыз да ер адамдармен өзара келісіммен жыныстық қарым-қатынасқа түскен. Сол кезде екеуі де 12 жаста болған.

Sputnik Қазақстан тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен осы қылмыстың мән-жайын түсіндіріп беруді сұрады. Ресми мәліметке сәйкес, 57 эпизодтың ішінде 28 оқиға зорлау фактісі (Қылмыстық кодекстің 120-бабы) ретінде тіркелсе, 16 эпизод жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті (Қылмыстық кодекстің 121-бабы) деп бағаланды. Ал 13 эпизод азғындық (Қылмыстық кодекстің 124-бабы) ретінде қарастырылып отыр.

Тағы оқи отырыңыз: Депутат-кәсіпкер кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынаста болған

Айта кетейік, Қазақстанда мұндай әрекетке ресми түрде 16 жастан бастап келісім беруге болады.

"Жалпы, 16 жасқа толмағандармен жыныстық қарым-қатынасқа түсу – осы санаттағы қылмыстардың 40 пайызы", - деп атап көрсетті Төлегенова.