Өрт Алатау ауданында орналасқан «Шапағат» ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйден шыққан.
Алматыда «барахолка» маңында өрт шықты деп хабарлайды Paryz.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жеке үйдің шатыры өртенген. Өртке қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Алатау ауданында орналасқан «Шапағат» ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйден шыққан. Оның шатыры жанып жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы "барахолка" тағы да өртенді
Сағат 09:35-те өрт оқшауланды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.