Алматыдағы "барахолка" тағы да өртенді

Сол аралықта  бірнеше қосқабатты контейнер жанып үлгерген.

Алматыдағы "барахолка" тағы да өртенді
фото: дереккөз

Алматы барахолкасында тағы да өрт шығып,  бұл жолы «Қазына»  базарындағы өртті ауыздықтауға тура келді деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Құтқарушылар өрттің жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрағанын айтты.

12 сағат 14 минутта басталған өртке 6 минутта ТЖД күштері мен құралдары жеткен. Сол аралықта  бірнеше қосқабатты контейнер жанып үлгерген.

Жақын маңда орналасқан контейнерлерді  өрт шарпу қаупі  болған. Барлау барысында ауданның сумен аз қамтылғаны хабарланып, өрт сөндіру автоцистерналарымен су жеткізу жұмыстары  дереу ұйымдастырылды. Суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді.

Оқиға орнында жедел штаб, 2 жауынгерлік учаске құрылды. 40 адам және 14 техника жұмылдырылды.

Жол полициясы қызметкерлері  жолды қоршауды  қамтамасыз етті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында 18 минут ішінде өрт оқшауланып, сағат 12:38-де қаупі жойылды.  Сағат 12:47-де өрт толығымен ауыздықталды.