Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Түркістанда шенеунік кімге "соғыс" ашты? (АУДИО)

Онда шенеунік Рахымбек Жолаевтың даусына ұқсас ер адамның Аманова есімді қызметкерін орнынан кетіре алмай жүргені айтылады. 

Түркістанда шенеунік кімге "соғыс" ашты? (АУДИО)
фото: дереккөз

Әлеуметтік желілерде Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаевтың дауысына ұқсас адамның аудиожазбасы тарап кетті деп хабарлайды Paryz.kz, ЭК сайтына сілтеме жасап.

Маржан Сәбитова есімді Facebook қолданушысы өңірдің бас педагогының суретімен аудиожазба жария етті. Онда шенеунік Рахымбек Жолаевтың дауысына ұқсас ер адамның Аманова есімді қызметкерін орнынан кетіре алмай жүргені айтылады.

Махаббат, мен бір жыл болды ол қатынды алып тастағым келіп отырғанына. Бірақ енді не істейін? Мамандарымның қолынан келмей ме, істегісі келмей ме, әлде сатылып кеткен бе Амановаға?.. Барады да әшейін өтірік бірдеңелерді дайындап, түк қатырмай қайтып келеді. Сөгіс беріп қойдық оған, - делінген аудиожазбада.

Кейінірек ер кісі Махаббат деген қызметкеріне сенім білдіріп, бұл бойынша майдан ашқанын мәлімдейді.

Жаңағы "комитетскийлермен" бірдеңе істей ме деп Құрманды алғанмын. Ол да бірдеңе қатырып жатқан жоқ. Сіз келдіңіз бүкіл халықаралық деңгейдегі блогерлерді танимын дегеннен кейін. Енді бердік қой майданды ашып. Бастасаңызшы... - деп сөзін түйеді аудиожазбадағы ер азамат.

ЭК тілшісі мән-жайды анықтау үшін аудиодағы дауыс иесі болуы мүмкін шенеунікпен байланысып көрді. Алайда телефон тұтқасын көтермеді.

Айта кетейік, 2019 жылдың тамыз айынан бері Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы қызметін Рахымбек Жолаев есімді шенеунік атқарып келеді. Махаббат Абдалиева - оның баспасөз хатшысы. Ал Роза Аманова Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы.

Еске салсақ, жуырда ғана Төлеби ауданында оқушыларға тегін берілген мектеп формасына қатысты шу шыққаны туралы жазған болатынбыз. Сол кезде аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы оған кімдердің кінәсі болуы мүмкін екенін атап айтты.