"Әкелеріне жақсы болды, той-томалаққа сықиып баратын..."
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы білім бөлімінің көп балалы отбасы балаларына таратқан мектеп формаларының фотолары тарады. Алайда ол киімдердің өлшемі үлкен болып шыққан деп жазады Paryz.kz.
Мемлекеттік қызметте халықтың жай-күйінен бейхабар өңкей топастар отыр десе, сенбейсіңдер. Олардың топастығы сол, 4-сыныптың оқушысы 46 өлшемді костюм-шалбар, 41-42 өлшемді төпли киеді деп ойлаған ғой. Әкелеріне жақсы болды, той-томалаққа сықиып баратын. Дегенмен, мына үш баланың мөлейіп тұрған түрлеріне қараңдаршы! Обал ғой, иә? Ендеше, сол обалы оларды мазақ еткендей болған билікке! - деп жазды Ауыл қазағы деген желі қолданушысы.