Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Атыраулық медбикелер вакцина паспорты үшін 100 мың теңге алып отырған (ВИДЕО)

Атырауда қаладағы емханалардың бірінде медбике болып қызмет ететін 32 және 28 жастағы азаматшалар вакцина алғаны туралы жалған ақпаратты енгізіп келген.

Атыраулық медбикелер вакцина паспорты үшін 100 мың теңге алып отырған (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Атыраулық медбикелер “вакцина паспорты” үшін 100 мың теңге алып отырған деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырауда қаладағы емханалардың бірінде медбике болып қызмет ететін 32 және 28 жастағы азаматшалар вакцина алғаны туралы жалған ақпаратты енгізіп келген. Олар вакцинаның әр кезеңі үшін 50 мың теңгені, яғни екі кезеңі үшін 100 мың теңгені банктік есепшотына аударып алып отырған. Ақшасын аударған тұрғындар емханаға еркін келіп, вакцина алмай-ақ “вакцина паспортын” алып жүрген.

Тағы оқи отырыңыз: Алматыда вакцинация паспортын сатқан медицина қызметкерлері әшкере болды (ВИДЕО)

Атырау облыстық Полиция департаменті мен облыстық прокуратура бірлесіп жедел іс-шара жүргізу барысында медбикелердің бірі жалған ақпаратты жүйеге енгізгенін, екінші медбике қитұрқы әрекетке барып, вакцина сұйықтығын адам денесіне салмағанын анықтады. Қазіргі таңда аталған екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ медбикелердің нақты қанша тұрғынға жалған вакцина паспортын жасағандығы анықталуда.