Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда вакцинация паспортын сатқан медицина қызметкерлері әшкере болды (ВИДЕО)

Сонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеу жасағанын мойындады.

Алматыда вакцинация паспортын сатқан медицина қызметкерлері әшкере болды (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Алматыда ПТР нәтижесі мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаған үш мекеменің қызметкерлері әшкере болды деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Криминалды полиция басқармасының мәліметі бойынша, екі жеке медициналық орталық - "Достар Мед" және "Сұңқар" қызметкерлері жалған құжат жасағаны үшін ұсталды. Сондай-ақ №4 поликлиникада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспортын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойғаны анықталды. Бірінші жағдайда клиника жанындағы зертхана қызметкері орталықтың екі медбикесі көмегімен ақшалай сыйақы үшін биоматериалды алмай, ПТР-сынама тапсыруды ұйымдастырған.

Тағы оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жалған ПТР анықтамасын сатқандар ұсталды

Біраз уақыттан кейін "Сұңқар" медициналық орталығының дәрігер-эндоксисті ұсталды. Ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР-сынама нәтижелері, сондай-ақ, ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеу жасағанын мойындады. Бұл деректер ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.