Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

ДСМ Айна Бакееваның вакцинаға қатысты шағымын жоққа шығарып отыр

Республикада барлық халық ковидпен ауырған жоқ - статистикаға сәйкес 18 миллионнан астам тұрғынның 270 мыңында аталған инфекция расталған.

ДСМ Айна Бакееваның вакцинаға қатысты шағымын жоққа шығарып отыр
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі шымкенттік дәрігердің Қазақстандағы вакцинация туралы айтқандарын жоққа шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкенттік дәрігер Айна Бакееваның айтуынша, клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінен бірде-бір екпе өтпеген, барлық қазақстандықтарда қазірдің өзінде коронавирус болған, балаларда COVID-19 ауруы жеңіл түрде өтеді, сондықтан ешкімге вакцинация қажет емес. Сонымен қатар, Бакеева COVID-19-ға қарсы вакцина "фашизмның айқын түрі" екенін айтады.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанда вакцинация салдары үшін ешкім жауапкершілік алмайды - Айна Бакеева (ВИДЕО)

"Жамандықтың жазасын аласыздар!": Балғынбек Имашев белгілі дәрігермен сұхбат құрды (ВИДЕО)

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі оның сөзін жоққа шығарды. Қазір республикада төрт түрлі екпе салынып жатыр, олар: Sputnik V, QazVac, Hayat-Vax және CoronaVac. Бұл вакциналар клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардың үш кезеңінен де өткен.

Қазақстанда қолданылатын коронавирустық вакциналардың барлығы бірдей қауіпсіз және коронавирустың ауыр жағдайларының алдын алуда тиімді. Заңнамаға сәйкес, тіркелмеген дәрі-дәрмектерді Қазақстан аумағына әкелу кезінде өндірушінің сапаны растайтын құжатының электрондық көшірмесі қажет: олардың қатарында қазақ және орыс тіліне аудармасымен талдау сертификаттары, сынақ хаттамасы немесе сапа паспорты бар,  - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда қолданылатын барлық вакцина клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің үш кезеңінен өткен деп толықтырды департамент.

Сонымен қатар экспериментке қатысушылар Бакеева айтқандай үш күн емес, орташа есеппен 30 күн бақылауда болатынын атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Республикада барлық халық ковидпен ауырған жоқ - статистикаға сәйкес 18 миллионнан астам тұрғынның 270 мыңында аталған инфекция расталған.

Сонымен бірге балалар арасында да коронавирус инфекциясынан қайтыс болған жағдайлар бар.