Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Жағдайы ауыр": Алматы тауларында жоғалып кеткен әйел табылды

7 шілде күні әйелдің анасы құтқарушылардан көмек сұраған.

"Жағдайы ауыр": Алматы тауларында жоғалып кеткен әйел табылды
фото: Алматы ТЖД

Алматы тауларында жоғалып кеткен Әлия Камиева Үлкен Алматы көлінің маңынан аман-есен табылды деп хабарлайды Paryz.kz

Айта кетсек, 1980 жылы туған Әлия Камиева 5 шілде күні өзімен бірге телефонын алмай тауға шығып кеткен. 7 шілде күні әйелдің анасы құтқарушылардан көмек сұраған.

Тағы оқи отырыңыз: Алматыда тауда әйел адам жоғалып кетті

Сағат 10.56-да Үлкен Алматы көлі маңында жоғалған Әлия Камиева табылды. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Зардап шегушіні ауруханаға жатқызу қажет. Төтенше жағдайлар департаменті "Қазавиақұтқару" тікұшағының көмегімен ауруханаға жеткізу ұйымдастырылды, – деп хабарлады ТЖД.