Алматыда тауда әйел адам жоғалып кетті

Телефоны үйде қалғанған көрінеді.

Алматыда тауда әйел адам жоғалып кетті
фото: Алматы ТЖД

Республикалық жедел-құтқару жасағы жеке құрамының 5 адамы бар жедел топ 1980 жылы туған әйелді дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты деп хабарлайды Paryz.kz

Алматы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1980 жылы туған азаматшаның жоғалғаны туралы оның анасы хабарлаған.

Телефоны үйде қалғанған көрінеді.

Құтқарушылар екі топқа бөлініп, әйелді іздеп жатыр.

Біреуі Алматы Алагир асуына қарай бет алды. Екінші "Совет" шыңына қарай шықты. Сондай-ақ гидробекеттің үстіндегі орман тексеріледі. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Төтенше жағдайлар қызметінде тағы 30 адам мен жеті техника қосымша жіберілгенін, сондай-ақ, ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен іздестіру жалғасып жатқанын айтты.

Жоғалған әйелді соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңында көрген.