Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматылықтар базар автотұрағында тағы да жүз теңге үшін жаға жыртысты (ВИДЕО)

Кадрлардан қызметкердің жүргізушіні ұрмақ болғаны көрінеді. Бірақ оны әріптестері тоқтатуға тырысады.

Алматылықтар базар автотұрағында тағы да жүз теңге үшін жаға жыртысты (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Оқиға Алматыдағы "Бақорда" базарының тұрағында болған. Видео кадрларынан жүргізуші мен қызметкер арасында автотұрақ ақысы үшін жанжал шыққанын көруге болады деп хабарлайды Paryz.kz

Бұл жолы тұрақ қызметкері жүргізушіге терминал қуаты таусылғандықтан жұмыс істемейтінін түсіндіріп, 200 теңге төлеуді талап еткен. Видеода Lexus маркалы көлік жүргізушісі бұл оның проблемасы емес екенін айтып, 100 теңге төлегенін ескертеді. Кадрлардан қызметкердің жүргізушіні ұрмақ болғаны көрінеді. Бірақ оны әріптестері тоқтатуға тырысады.

Тағы оқи отырыңыз: "Алтын орда" базарында төбелескен екеу татуласты

Полиция оқиғаның Алматы қаласы Алатау ауданындағы "Бақорда" базары тұрағында болғанын растады.

"Алатау аудандық Полиция басқармасы мәліметіне сәйкес, оқиға бойынша полицияға қоңырау түспеген. Дегенмен жанжалға қатысушылар анықталды. Олар бір-біріне арыз-шағым жасаудан бас тартты. Профилактикалық жұмыстар жүргізілді", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі.