Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Алтын орда" базарында төбелескен екеу татуласты

Тергеу барысында екі айыпталушыға қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Бұзақылық" бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

"Алтын орда" базарында төбелескен екеу татуласты

"Алтын Орда" базарының автотұрағында төбелескен жұмысшы мен жүргізуші татуласты, деп хабарлайды Paryz.kz Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында екі айыпталушыға қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Бұзақылық" бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

"Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жанжалға қатысушылар өз қателіктерін мойындады. Қарасай аудандық полиция басқармасында олар бір-бірінен және халықтан кешірім сұрады. Сондай-ақ, тараптар сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы өтінішпен қарсы арыз жазды. Осыны ескере отырып, екі тұлғаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деді өңірлік ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, 2021 жылдың 30 наурызында сағат 09.00 шамасында "Алтын Орда" базарының автотұрағы алаңында жүргізуші мен жұмысшы арасында төбелес шыққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып, оқырмандар арасында қызу талқыға түсті.