Мен келіспеймін, себебі саясат көп болды.
Танымал тележүргізуші, "Жайларман" жүргізушісі Есен Елеукен Qasqa Jol Youtube арнасына сұхбат беріп, "Жайдарманның" қазіргі жағдайы туралы ойын жасырмай айтты. Сондай-ақ ол ондағы саяси әзілдерге қатысты да өз көзқарасын білдірді, деп жазады Paryz.kz.
Тележүргізушінің сөзінше Жайдарманға жастар бұрынғыдай қызыға бермейтін көрінеді. Ол жүргізушінің "Жайдарман қанша жыл өмір сүреді?" деген сауалына былай деп жауап берді:
"Қазір әлеуметтік желі деген бар, бұрынғыдай телеарнаға тәуелділік жоқ. Биыл маусымдық өзгеріс деп атадық, көптеген өзгерістер болады. Конкурстар, жарыстың сипаты бәрі өзгереді. Ашылу жағы барлығын қамтамасыз етеміз. Негізі бұрын 2000 жылдары бір ойын 5-6 ағаттан өтетін. Қазір 1,5-2 сағаттан аспайды. Жалғыз КВН емес, барлық жерде солай, себебі ақпарат өте көп. Таңдау көп, сол себепті қазіргі өсіп келе жатқан жастарды қызықтыра алмайсың",-деді ол.
Сондай-ақ Есен Елеукен "Жайдарманның" Қазақстан арнасынан "7 арнада" өтуіне қатысты оның рейтингі қалай өзгергеніне де тоқталып өтті.
Тағы оқи отырыңыз:
"Өзі хабарласпайды": Есен Елеукен Тұрсынбектің сұхбаттарда айтқан өтіріктерін жіпке тізді (ВИДЕО)
"Рейтинг әзірге орташа. Бірақ әлеуметтік желідегі көрсеткіштер жақсы өсті. Негізі мұндай жобалар әлеуметтік желіде көп қаралады. Сосын бір арнадан екінші арнаға ауысқанда, мен ойлағанмын көрермендер ауысып келеді деп. Олай емес екен",-деді ол.
Қазақша КВН жетекшісі сонымен бірге қазылар алқасы арасындағы "7 арна" басшылығы мен қазылардың өзге мүшелері арасындағы дау-дамайға да тоқталып өтті. Себебі кезекті ойындардың бірінде арнаның бас продюсері ондағы саяси әзілдерге наразы болған еді. Ол: "Мен келіспеймін, себебі саясат көп болды. Әзілдің көркі саясат емес, интеллект" деген болатын. Оған қазылар алқасының басқа мүшелері "Біз саясатқа араласпай тупой боламыз ба сонда?" деп жауап беріп, ойын барысында даулы оқиға орын алған еді.
Есен Елеукеннің сөзінше мұндай дау-дамай алдағы уақытта да болуы мүмкін екен.
"Негізі арнамен келісеміз. Олардың өзінің ұсыныс болады, біздікі болады дегендей. Сол себепті арнадан бір адам қазылар алқасы арасында отыруы керек. Сөйтіп арнаның бас продюсері Азамат Атагелді келді. Негізі Азаматтың пікір білдіруі дұрыс. Әркімнің өзінің субъективті пікірі бар ғой? Ол шынында да интеллектуалды әзілдің болғанын қалайды. Әзілдің интеллектуалды болғаны дұрыс та, сондықтан сөзінің жаны бар. Енді ол жерде кішкене келіспеушілік болды, мүмкін оған ақырын айту керек пе еді, қаттырақ айтып қойды. Сол кезде дау-дамайлар болды. Алдағы уақытта да Азамат қатысады, сол кезде көреміз қалай болатынын",-деді ол.