Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Өзі хабарласпайды": Есен Елеукен Тұрсынбектің сұхбаттарда айтқан өтіріктерін жіпке тізді (ВИДЕО)

Сонымен қатар Есен Елеукен "балаларға қатыспаңдар деп ешқашан тыйым салған емеспін" деп Тұрсынбектің бір сұхбатта айтқан сөзіне қарсы шықты. 

"Өзі хабарласпайды": Есен Елеукен Тұрсынбектің сұхбаттарда айтқан өтіріктерін жіпке тізді (ВИДЕО)
Фотоколлаж

«Жайдарман» ойындарының жүргізушісі Есен Елеукен Qasqa Jol Youtube-арнасына сұхбат беру барысында журналистің Тұрсынбекке қатысты тосыннан қойылған сұрағына хабардан соң көсіле жауап берді, деп жазады Paryz.kz.

Сұхбат арасында "Тұрсынбек өтірікші ме?" деген сауалға Қазақстан КВН Одағының Төрағасы "өтірікші дей алмаймын, бірақ өтірік айтқан жерлері бар. Ол өзінің қиялындағы нәрсесі, ол солай ойлайтын шығар" деп жауап берген еді.

Хабардан соң:

"Кезінде жобаны бірге бастағанда тек қана ол емес, көптеген топтар көмектесті. Әрқайсысының өзінің еңбектері бар. Бірге аламыз, бірге жүреміз деген әңгіме болған жоқ. Толық екеуміз келістік деген әңгіме арамызда жүрген жоқ. Лиганы дамытып жүргенде, Тұрсынбек ойнап жүрді, 2008 жылы Еркебұлан бастаған топта", - деп ойын аяқсыз қалдырды.

"Өзінің кінәсін білген соң үндемей жүр" деп бір сұхбатында жала жапқан Тұрсынбектің сөзіне қайран қалған Есен Елеукен: 

"Менің ешқандай кінәм жоқ, тіпті ол жері ыңғайсыз болды, білмедім. Мен оның қасына Нағи деген жігітті қосып бердім. Нағи оның телеарнаға шығуына, оның көзін ашып берген. Ашып айтсақ, артында біраз әңгіме жатыр. Тұрсынбек бағдарлама ашамын, балдар керек деді. Бастаған кезде қуанып, алғашқы концерттеріне барып жүрдім. Өзі хабарласпайды. Мен "өзің хабарласшы, саған ойыншы жағынан шектеу жоқ" дегенмін", - деп ақталды.

Тағы да оқи отырыңыз:

Жүргізушісі адам қаққан Тұрсынбек Қабатов марқұмның туыстарынан кешірім сұрамаған

Сонымен қатар Есен Елеукен "балаларға қатыспаңдар деп ешқашан тыйым салған емеспін" деп Тұрсынбектің бір сұхбатта айтқан сөзіне қарсы шықты. 

"Жоғары Лига өтетін сәтте қапылып жатқан болатынбыз. Тұрсынбек бұрын бір командада ойнаған досына хабарласып, балаларды сол арқылы сұратты. Досы бізде жұмыс істейтін еді. Тікелей неге маған өзі хабарласпайды?", - деп қысқа қайырды.

Тележүргізуші Тұрсынбекке қатысты тақырып аясында оның жақсы адам екенін айта отырып, артық әңгімелер ортада көп болғанын мойындады.