Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Мені алдады": қалыңдығын алып қашқан жігіт өлер алдында туыстарына хабарлама жіберген

Ол өлер алдында анасына және ағасына дауыстық хабарлама жіберген.

"Мені алдады": қалыңдығын алып қашқан жігіт өлер алдында туыстарына хабарлама жіберген
Дереккөз: stan.kz

Қырғызстанда алып қашудың құрбаны болған Айзада Қанатбекова мен оны өлтірген Замирбек Теңізбаевқа қатысты жаңа деректер пайда болды, деп жазады Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ол өлер алдында анасына және ағасына дауыстық хабарлама жіберген. Онда ол туыстарымен қоштасқан.

"Мен оны өте жақсы көремін, онсыз өмір сүре алмаймын. Ол қанша сұрасам да менімен бірге өмір сүргісі келмейді. Ол бір ай күте тұр деді, күттім. Содан кейін тағы бір ай, бірақ бітті. Мен енді сенбеймін, ол мені алдады",-дейді ол.

Хабарламада бойжеткеннің де дауысы естіледі. Онда ол: "Мен сенен күтуді сұрадым"деп айтқан.

Ер азамат: "Осындай ұлыңыз болғанға кешіріңізші" деп анасынан да бірнеше рет кешірім сұраған.

Естеріңізде болса кеше қырғызстандық Айзада Қанатбекованың өлімі жайлы хабарлаған едік. Бішкектік басылымдарға сенсек, оны 5-ші сәуір күні сағат 7:00-де алып қашқан. Оны алып қашқан сәт тіпті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бастапқыда Видеода бір ер адамның қызға жақындағаны және оны күшпен машинаға апарғаны көрінеді. Кейінірек тағы екі ер адам қызға жақындап, оны қызыл түсті машинаға мәжбүрлеп отырғызған.

Ал 7-ші сәуірде 7 сәуірде қыз бен оның алып қашқан жігіттің мәйіті бар көлік табылды.  Полиция таратқан мәліметке сәйкес, ер адам алдымен қызды қылқындырып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған.

Бүгінде Қырғызстанда бұл іс қоғамдық резонанс туғызуда. Халық митингке шығып, ел президенті Садыр Жапаров оқиғаны өз бақылауына алған болатын.