Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Өзінен бірнеше жас үлкен ер азамат алып қашқан бойжеткен өлі күйінде табылды

Алдын ала болжам бойынша ер адам алдымен аруды қылқындырып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған.

Өзінен бірнеше жас үлкен ер азамат алып қашқан бойжеткен өлі күйінде табылды
Дереккөз: aif.ru

Қызғызстанның милиция қызметкерлері бейтаныс жігіт алып қашып кеткен 27 жастағы Айзада Қанатбекованы өлі күйінде табылды, деп жазады Paryz.kz centralasian.org-қа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай оны алып қашқан жігіт те өз-өзіне қол жұмсаған. Басылымның мәліметінше бойжеткенді Бішкекте 5 сәуір күні алып қашқан. Оқиға Қылмыстың бірыңғай тізілімінде 175 – отбасын құру мақсатында қызды алып қашу бабы бойынша тіркелген.

Бойжеткен мен 36 жастағы ер адамның мәйіті Бішкек жанындағы Шу облысы Арашан және Чокморов ауылдары арасындағы көлік ішінен табылған.

Басылымның мәліметінше көлікті бақташы тапқан. Ол көлікті 5-6 сәуір күні көргенін айтқан. Алайда оны ми-батпаққа батып қалған деп ойлаған. Тек 7 сәуір күні ғана ол темір тұлпарға келіп, онда әйел адам мен ер адамның мәйітін көрген.

Алдын ала болжам бойынша ер адам алдымен аруды қылқындырып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған.

Айта кетерлігі Қырғызстанда қыздарды алып қашу оқиғалары әлі де жиі кездеседі. Алып қашқан қызды үйге алып кетуді қорлық көретін ата-аналар, көбінде жағдайға көндігіп, қыздарын барған үйде тастап кетеді. Десе де елде қызды алып қашқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Құқық қорғау органдары соңғы жылдары алып қашу деректерінің көбейгінін растап отыр.