Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Мен кіммін, ол кім?": Уәлибек Әбдірайымов Нұрлан Қоянбаевқа қатысты өз ойын ашық айтты

Мен кіммін, ол кім? Ол сұмдық адам ғой, ол үлкен режиссер ғой.

"Мен кіммін, ол кім?": Уәлибек Әбдірайымов Нұрлан Қоянбаевқа қатысты өз ойын ашық айтты
Дереккөз: altyn-orda.kz

Белгілі сықақшы Уәлибек Әбдірайымов отбасы, өнер жайлы сұхбат беріп, онда Нұрлан Қоянбаевқа қатысты өз ойын ашық айтты деп жазады Paryz.kz.

“Мен мына жаңа мәдениет министріне риза болып қалдым. Кино саласы туралы бір заң шығарды ғой. Киногерлер өздері біледі, бұрын ондай заң болмаған екен. Менде сол заңды құп көрдім. Енді сол кісіге менің кішкентай ғана өтінішім, идеология саласының ең биік шыңында тұрған бұл – кино. Бұны жасы да, қариясы да үзбей көреді. Бұны В.И. Ленинде айтқан. Совет өкіметін орнатып жатқан кезде идеологияны қалай істейміз дегенде, кино арқылы деп жауап берген. Халықты солай тәрбиелеу керек деген.

Сонымен бірге Уәлибек Әбдірайымов еліміздегі кино түсіру өнеріне қатысты өз ойын ортаға салды. 

Олай болса, біздің киномызда үлкен рөл алып тұр ғой. Өте маңызды. Сондықтан киномызды мәнді, мағыналы түсіруіміз керек. Жақсы киноларымыз бар, түсіріліп жатыр. Бірақ менің айтарым бар, жарылатындар жарылып кетсе де. Орысша, қазақша араласатын киноларды тоқтату керек. Түпкілікті тоқтату керек. Түсіргіңіз келіп бара жатса, Мәскеуге барып түсіріңіз. Болмаса осы жерге түсіріңізде Мәскеуге сатып жіберіңіз.

Танымал сықақшы өзін "концерт беріп, ақша тауып жүр" деп сынаған Нұрлан Қоянбаевқа қатысты да ойын ашық жеткізді. Айтуынша ол концерт беріп жүргенімен, онда Қоянбаевтың кинолары сынды "орыс тіліндегі" бірде-бір қойылым болмапты. 

Нұрлан Қоянбаев айтыпты: “Ол кісі де жүр ғой концерт құрып ақша тауып, бізде ақша тауып жатырмыз”-депті. Ал менің концертімде орысша сөз бар ма?! Біздің концертте ұлтымызды таптап жатырмыз ба? Неге келіп айтпайды бетіме.

Мен кіммін, ол кім? Ол сұмдық адам ғой, ол үлкен режисер ғой. Не істейді ол мені, ол мені тіпті қабылдамайды да”, – деді Уәлибек Әбдірайымов.

Айта кетейік, бұған дейін сықақшы фонограммамен ән айтатындарды соттау керек деген болатын. Сондай-ақ ол ұлының теріс діни ағымның жетегіне кіріп кете жаздағынан айтқан еді.