Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Фонограммамен ән айтып жүргендердің бәрін соттай салу керек" - Уәлибек Әбдірайымов (ВИДЕО)

Уәлибек Әбдірайымов тойда ән айтатын әншілерге де шүйлікті.

"Фонограммамен ән айтып жүргендердің бәрін соттай салу керек" - Уәлибек Әбдірайымов (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

"Шаншар" әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов жанды дауыста ән айтылмайтын концерттерге рұқсат берілмеуі тиіс деп есептейді, деп жазады Paryz.kz Qasqa Jol бағдарламасына сілтеме жасап. 

Уәлибек Әбдірайымов тойда ән айтатын әншілерге де шүйлікті. Оларды әнші ретінде санамайтынын атап өтті.

"Тойда ән айтатындардың бәрін "холтурщиктер" дейді", - деп кесіп айтты сұхбат барысында.

Сонымен қатар ол жанды дауыста ән айтпайтын әншілерді соттау керек екенін айтты.

"Шетелде әнді минуспен айтса, билет құнын шамамен 500 немесе 1000 теңгеге түсіріп тастайды. Ал плюс айтатын болса, билет саттырмайды. "Клип түсіріп, қайырымдылық концерттерде ән сал" деп шығарып салады. Егер байқатпай фонограммамен ән салсаңыз, бірнеше рет айыппұл төлетіп, үшінші рет қайталанса соттайды. Қытайда сондай. Өзбекстанда да концертке лицензия сұрайды.

Бізде солай болса мәдениет өсіп, өнерді бағалай алар едік. Ал фонограммамен айтып жүргендердің бәрін соттай салу керек. Жоқ, айыппұл салған тиімдірек. Сол кезде мәдениет бөліміне ақша түседі. Қоймаса, айыппұл көлемін арттырса, өзі-ақ айтпайтын болады. Сосын іріктеліп, шын әншілер қалады. Медеу Арынбаев, Асқар Жүнісбеков, Дәурен Сейітжанов, Жұбаныш Жексенұлы сияқты әншілердің бағы жанады" , - деді актер.