Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Береген қолым - алаған": "БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару" батырмасы іске қосылды

Үш жұмыс күні ішінде сіздің арнайы шотыңыздағы қаражат зейнетақы шотыңызға қайтарылады...

"Береген қолым - алаған": "БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару" батырмасы іске қосылды
фото: ашық дереккөз

enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында "БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару" батырмасы іске қосылды, деп хабарлады paryz.kz, Отбасы банкіне сілтеме жасап.

"Енді өтінімді қате жіберген немесе ойыңыздан айныған болсаңыз, арнайы шотқа түскен қаражатты БЖЗҚ-ға қайтару үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ. Оны платформадағы жеке кабинетіңіз арқылы оңай жасай аласыз", - делінген хабарламада.

Қаражатты үш қадаммен қайтаруға болады:

1. enpf-otbasy.kz онлайн платформасына жеке ЭЦҚ арқылы кіріңіз;

2. Жойғыңыз келетін өтінімді ашыңыз;

3. "БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару" деп аталатын қызғылт сары батырманы басыңыз.

Үш жұмыс күні ішінде сіздің арнайы шотыңыздағы қаражат зейнетақы шотыңызға қайтарылады. Ақша түскеннен кейін, қажет болған жағдайда сіз қайтадан біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтінім жолдай аласыз.

Егер сіздің өтініміңіз мақұлданған болса және сіздің арнайы шотыңызда қалдық ақшаңыз қалса, онда қаражатты мерзімінен бұрын қайтаруға болмайды.

Тағы оқи отырыңыз: "БЖЗҚ-дағы ақша талан-таражға түскен..." - сарапшы

Қалдық сома 45 күннен кейін зейнетақы шотыңызға автоматты түрде қайтарылатын болады.