Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"БЖЗҚ-дағы ақша талан-таражға түскен..." - сарапшы

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әрине, БЖЗҚ-мен ымдасып алып, адамдар неғұрлым азырақ ақша алсын деген пиғылмен жеткіліктілік шегін өте жоғары етіп қойды. Бұл қулар бір жағынан "халық зейнетақы қорындағы ақшасын алсын" деген Президенттің тапсырмасын орындап жатса, екінші жағынан ол мүмкіндікті халықтың бәріне ұсынбай отыр..." 

"БЖЗҚ-дағы ақша талан-таражға түскен..." - сарапшы
фото: alashainasy.kz

Бұл туралы кезінде Қазақстанның зейнетақы қорлары қауымдастығын басқарған маман, зейнетақы жүйесі саласының сарапшысы Айдар Әлібаев "Ақ Жайық" басылымына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлады paryz.kz

Ол өте жоғары етіп бекітілген "жеткіліктілік шегін" сынады.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әрине, БЖЗҚ-мен ымдасып алып, адамдар неғұрлым азырақ ақша алсын деген пиғылмен жеткіліктілік шегін өте жоғары етіп қойды. Бұл қулар бір жағынан "халық зейнетақы қорындағы ақшасын алсын" деген Президенттің тапсырмасын орындап жатса, екінші жағынан ол мүмкіндікті халықтың бәріне ұсынбай отыр. Бұл таза шенеунікше, бюрократиялық тірліктің мысалы. Олардың енді "жеткіліктілік шегін" төмендетуі мүмкін емес. Өйткені ол жердегі ақша бәріне жетпей қалуы мүмкін. Содан ғой, жеткіліктілік шегін әдейі жоғары еткені. Ал қордағы ақша қайда десеңіз, талан-таражға салынып кетті. Қазір құны көк тиын болған құнды қағаздарға салынған кезінде. БЖЗҚ портфелінде мұндай қағаздар өте көп деп ойлаймын. Әрине, олар мұны ешкімге айтпайды, жоқ ақшаны тауып бере алмайтынын біліп, осындай қулықтарға барып отыр", - деді сарапшы.